Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Ұстаз-2016» спартакиадасы

Ағымдағы жылдың 30 маусым және 3 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай  Ақмола облысының білім қызметкерлері арасында XVI облыстық «Ұстаз -2016» спартакиадасы Зеренді ауданының Чаглинка ауылындағы Агробизнес Колледжінің негізінде өтті.

Облыстық спартакиадаға Ақмола облысының оң жеті ауданнан және екі қаласынан 25 команда, 400-ден астам техникалық және кәсіптік білім қызметкерлері қатысты. Жарыс спорттың алты түрінен өтті: волейбол, городош спорты, үстел теннисі, шахмат ойыны, тоғыз құмалақ, атыс.

Спартакиаданың ашылуында алғыс сөзбен сөз сөйлегендер: Ақмола облысының білім басқармасының басшысының орынбасары - Гамазов В., «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы -  Абдрахманов Б.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей орналысты:

I орын –  Щучье қаласының Высший колледж командасы;

II орын –  Щучье қаласының Педагогиялық колледж командасы;

III орын –  Ауылшаруашылық колледж командасы Қотыркөл ауылы.

«Ұстаз -2016» спартакиадасының салтанатты жабылуында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен, грамоталармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапаттау рәсімі келесі мөлшерде өтті:

I орын – 100 000 теңге;

II орын – 70 000 теңге;

III орын – 40 000 теңге.

Облыстық білім кәсіп одағының  қызметкерлерінен бағалы сыйлықтармен жүлделі орындарға ие болған қатысушылар марапатталды.     

Қосымша номинацияларға келесілер ие болды: «Воля к победе» номинациясына «Ж.Мусин атындағы Педагогиялық колледж» – Көкшетау қаласы; «За лучшую экипировку команды» номинациясында – «Индустриялды – техникалық колледж № 1 Атбасар қаласы» - Атбасар ауданы жүлделерге ие болды.

Автор: Ж. Амангельдина
Просмотров: 973
Дата создания: 4 Июля 2016 г.
Дата редактирования: 4 Июля 2016 г.