Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Ақкөлдіктер өте жақсы дайындық көрсетті!

Ақкөл қаласында 2018 жылғы 9-12 шілденің аралығында Ақмола облысы балалар үйлерінің тәрбиенушілері арасында 12-ші Кіші Олимпиялық ойындар өтті.

Сайысқа Ақкөл, Сандықтау және Урюпинка балалар үйлерінен 36 тәрбиенушілер қатысты. Олар өздерінің күштерін, тапқырлығы мен ептілігін үстел теннисі, тоғыз құмалақ, волейбол, жазғы президенттік көпсайысы және мини-футболда көрсетті.

Сайыстың қорытындысы бойынша Ақкөл балалар үйінің тәрбиенушілері бірінші орынды иеленді. Жарайсыңдар!

Автор: И. Калимжанова
Просмотров: 383
Дата создания: 13 Июля 2018 г.
Дата редактирования: 13 Июля 2018 г.