Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Ақмола облысындағы мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында«Үздік педагог-2018» облыстық конкурсын өткізу туралы ақпарат

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қантардағы №12 бұйрығының және«Үздік педагог-2018» конкурсын өткізу туралы» Ақмола облысы білім басқармасының 2018 жылғы 12наурыздағы №64 бұйрығының негізінде 2018 жылғы 14-15 мамыр күндері Көкшетау қаласыдағы № 11 «Арай» балабақшасындамектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог - 2018» облыстық конкурсы өткізілді.

Конкурсқа 16 ауданнан және Көкшетау, Степногорск қалаларынанмектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымдарының 18 тәрбиешісіқатысты.

Дәстүрлі конкурстың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру деңгейін арттыру, педагогикалық тәжірибені тарату және жалпылау.

Конкурс 5 кезеңнен тұрды:

І кезең- «Менің кәсіби ұстанымым»педагогтың өзін-өзітаныстыру.

Барлыққатысушылар өзін таныстырғанда мамандық ерекшелігін, жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйымы таныстырып өтті. Өздерің ерекшелік, әртістік қабілеттерімен қатар ішкі және сыртқы педагогикалық мәдениеттілігін көрсете білді.

ІІкезең - шеберлік сабағы

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған оқу үрдісінжүргізу. Жасына және оқу жоспарына, сабақтарда инновациялық әдістер, технологиялар және бағдарламаларды қолдану педагогикалық техника және педагогикалық шеберлігінесәйкестігі және интеллектуалды-шығармашылық түрінде өз ойын білдіру үшін жағдайлар жасау бойынша сабақтар өткізу сапасы бағаланды.

ІІIкезең- «Шығармашылық зертхана»

ІІIкезеңдеқатысушылар әдістемелік көрме көрсетті, онда қызметін, сабақтардың авторлық, ғылыми-әдістемелік әзірмелерін, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік кешендердіжәне т.б. көрмелер және таныстырулар, фото-бейне материалдар түрінде әдістемелік жұмыстарын көрсетті.Конкурстың аталған кезеңінде материалдарды берер кезде, педагогтар түпнұсқалы және шығармашыл түрде ұсынды.

ІV кезең- «Мен - заманауиұстазбын» тақырыбында эссе

Эссе-белгілі бір тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма.

Vкезең- Педагог портфолиосы

Педагог портфолиосы-педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және даму нәтижесі, педагогтің белгілі бір уақыт аралығында білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы.

Конкурстың қорытындылары бойыншажеңімпаз бен жүлдегерлерге Ақмола облысы білім басқармасыныңдипломдары мен ақшалай сертификаттарытабыс етілді.

Гран-при дипломымен және 150 000 теңге сертификатыменКөкшетау қаласы, Ю.А.Гагарин атындағы №33 балабақшасының тәрбиешісі БлажнюкТатьяна Анатольевнамарапатталды.

І дәрежелі дипломды және 100 000 тенге сертификатын Атбасар ауданы, №4 «Еркежан» балабақшасының тәрбиешісі Алдабергенова Бахыт Арыстанбековнаиеленді.

ІІ дәрежелі диплом және 75 000 тенге сертификатыБурабай ауданы «Одуванчик» бөбекжайының тәрбиешісі Крупко Ирина Александровнағатабыс етілді.

ІІІ дәрежелі диплом мен 50 000 тенге сертификатыЖақсы ауданы, «Дән» балабақшасыныңтәрбиешісіКаппасоваЖания Карымсаковнағатабыс етілді.

Конкурсқа белсенді қатысқандар үшін14 қатысушыбілім басқармасыныңграмоталарыменмарапатталды.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы менАқмола облыстықұйымы» қоғамдық бірлестігіменкелесі номинациялар мен ақшалай сыйақы берілді:

«Педагог-зерттеуші» номинациясы және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы Жарқайың ауданы, «Солнышко» балабақшасының тәрбиешісі Блохина Юлия Викторовнаға;

«Педагог Новатор» номинациясы және 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы Степногорск қаласы, № 4 «Буратино» балабақшасының тәрбиешісі Суханова Елена Александровнаға.

«Педагог эрудит» номинациясы және 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы Астрахан ауданы, «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі УсенкоНаталья Андреевнаға.

Сонымен қатар, барлық конкурс қатысушыларына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ сыйлықтары берілді. Екі күн бойы педагогтар және балабақша тәрбиеленушілері конкурсқа белсенді қатысып,өз өнерлері мен білімдерін көрсете білді.

Автор: Д.Есенбаева
Просмотров: 380
Дата создания: 18 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 18 Мая 2018 г.