Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудағы білім беру технологиялары» атты облыстық педагогикалық оқулар

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 23 қараша күні қазақ және орыс тілі пәндері мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудағы білім беру технологиялары» атты педагогикалық оқулары өтті.

Педагогикалық оқулар білім беру жүйесін жаңғырту шеңберінде қазақ тілі мен әдебиетін, орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы білім беру технологияларын талдау үшін диалогтық платформа құру мақсатында өткізілді.

Педагогикалық оқуларға облыс бойынша 40 мұғалім қатысты. Аталған іс-шара 3 секция бойынша өткізілді.

Латын графикасын оқытудың практикалық әдістері секциясы:

I орын -Ахат Алтыншаш Досымбекқызы - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

II орын - Садыкова Азина Сексеновна - Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин ат. орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

III орын - Ахметова Сагида Амантаевна - Жақсы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы оқу үдерісінің технологиялары:

I орын - Шерияздан Рина - Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

II орын - Зикирина Алтынай Саукеновна - Бурабай ауданы, Атамекен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

III орын - Даулеткалиева Толкан Болатбековна - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы оқу үдерісінің технологиялары:

I орын - Ташмаганбетова Ляззат Нигметжановна - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

II орын - Рахметова Роза Кенесовна - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №8 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

III орын - Абакарова Ольга Леонтьевна - Жақсы ауданы, Терсақан орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Автор: С. Махметова
Просмотров: 115
Дата создания: 27 Ноября 2018 г.
Дата редактирования: 27 Ноября 2018 г.