Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Жас құтқарушылар жарысқа дайындалып жатыр

Бүкіл әлемде басты әлеуметтік проблема қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі болып табылады. Көптеген жағдайлар адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жол қозғалысы, өрттер, табиғи апаттар және адамның өзі.

Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, төтенше жағдайлар туындаған және қауіп-қатер төнген кезінде жеке ұжымдық қауіпсіздіктің саналы және жауапты қарым-қатынасты мәселелерін қалыптастыру, балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрлеріне қатысу мақсатында 2018 жылғы 9-12 шілде кезеңінде Ақмола облысы Көкшетау қаласында Көкшетау техникалық институтының базасында жас құтқарушылар Республикалық жарысы өткізіледі. Жарыс бағдарламасы конкурстар, жарыстар мен тақырыптың іс-шаралардың келесідей түрлерін қарастырады:

- «Визит картчкасы»

- «Өртсөндіру эстафетасы»

- «Қабырға газеті»

- «Алғашқы жәрдем беру»

- «Авариялық-құтқару жұмыстары»

- «Іздестіру-құтқару жұмыстары»

- «Су айдынындағы құтқару жұмыстары »

«Жас құтқарушы» жарыстарға қатысу үшін Сандықтауауданы Сандықтау ауылында орналасқан Ақмола білім беру басқармасының «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №3 балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің базасында «Жас құтқарушы» клубы анықталды.

Балалар жақсы нәтижелерді көрсетуге және үздік болуға күн сайын күшейтілген режимінде жаттығады. Биік шыңдардан көрінсін!

Автор: Ақмола облысы ТЖД ТЖЖБ ақпараты бойынша
Просмотров: 338
Дата создания: 3 Июля 2018 г.
Дата редактирования: 3 Июля 2018 г.