Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Республикалық оқұшылар олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы 19 наурызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық оқушылар олимпиадасы өз мәресіне жетті. Аталған іс-шараға еліміздің барлық аймағынан 726 бала қатысып білімдерін математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндері бойынша сынады. Олимпиаданың екі бөлімі де – теориялық және тәжірибелік - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өтті. Біздің облысымыздан оған 47 оқушы қатысты. Барлық қатысушылар үшін түрлі мәдени-танымды бағдарлама дайындалды. Атап айтқанда, Щучинск-Бурабай курорттық аймаққа саяхат, флешмоб, қазақ және орыс драма театрларына бару ұйымдастырылған еді.

Бес күнге созылған олимпиаданың жабылу рәсімі «Көкшетау» мәдениет сарайында өтті. Барлық қатысушыларды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нуркенов Н. құттықтады. Оның айтуынша, осы доданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзіндік дамуына көмек көрсету. Өз кезегінде «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы Қирабаева Ш. Ақмола облысының әкімшілігіне, білім және мәдениет басқармаларына аталмыш іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне байланысты ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. «Олипиаданың қорытындысына келетін болсақ, біз күткендей, жүлделердің басым көпшілігін дарынды балаларға арналған мектептердің оқұшылары алды.» Үздік нәтиже көрсеткендердің тізімінде қазақ-түрік лицейлерінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің және республикалық физика және математика жоғары мектебінің оқұшыларын ерекше атап өтуге лайық.

Автор: Д. Тулепов
Просмотров: 986
Дата создания: 21 Марта 2016 г.
Дата редактирования: 21 Марта 2016 г.