Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмыс мамандықтарына оқытудың мәселелері мен келешегі» атты семинары туралы ақпарат

2016 жылдың 20 сәуір күні Көкшетау қ. №1 Құрылыстық-техникалық колледжінде инклюзивтік білім беру бойынша «Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмыс мамандықтарына оқытудың мәселелері мен келешегі» атты облыстық семинары өтті. Семинарға облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Ақмола облысы колледждерінің басшылары мен әдіскерлері қатысты. Модератор – Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестірмелік Кеңесінің төрағасы - Ибраев Марат Өмірбайұлы.

Семинар ерекше білім беруді талап ететін жастардың жұмыс мамандықтарын алуға мүмкіндік беретін білім беру ортасын құрудың мәселелері мен келешегін анықтау мақсатында өткізілді.

Семинарда Көкшетау қ. №1 Құрылыстық-техникалық колледжінің ерекше білім беруді талап ететін жастарды жұмыс мамандықтарына оқыту бойынша жұмыс тәжірибесі таратылды. 2011 жылдан бастап Ақмола облысы білім басқармасының бастауымен және «Бота» қоғамдық қоры мен «Той Дастархан» ЖШС-і әлеуметтік серіктестігінің қолдауымен колледж базасында «Аспаз», «Кондитер», «Калькулятор» біліктіліктерімен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша есту қабілеті бұзылған балаларға арналған оқыту ұйымдастырылады. Әлеуметтік серіктестермен қызметтестік арқасында бұл түлектер «Той Дастархан» кәсіпорнына жұмысқа орналасқан.

Практикалық бөлімінде қатысушылар есту қабілеті бұзылған оқушылардың топтарында шебер-сыныптарды тамашалады.

Семинар жұмысын қорытындылау кезеңінде қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында инклюзивтік білім берудің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді талап ететін тұлғалардың қабілеттеріне, әлеуметтік бейімделуі мен қоғамда бірігуіне сәйкес білім мен мамандық алу құқықтарын жүзеге асыру болуы тиіс деген ортақ пікірге тоқталды.

Прикреплённые файлы:kaz_rekomendacii_TiPO.docx
Автор: М.Дударева
Просмотров: 905
Дата создания: 21 Апреля 2016 г.
Дата редактирования: 24 Мая 2016 г.