Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы» семинар-кеңес

2018 жылғы 19 маусымда «Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжі» КММ базасында білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г. Гамазовтың төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша арнайы (ПМПК, ППТК) және арнайы түзету білім беру ұйымдарының басшыларымен «дөңгелек үстел» нысанында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңестің жұмысы барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісінің проблемаларын, кадрлық қамсыздандырылу мәселелері және оларды шешудің тәсілдерін ұсынды.

Іс-шараға семинар қатысушыларын қызықтыратын сұрақтарға жауап берген, Ақмола облысы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметті талдау бөлімінің басшысы Д.Ғ.Жұмабек қатысты.

Автор: Е. Кушкенов
Просмотров: 180
Дата создания: 21 Июня 2018 г.
Дата редактирования: 21 Июня 2018 г.