Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар және натуралисттер республикаллық форумы

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар және натуралисттер республикалық форумы Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылдың 21-22 қыркүйек күндері Ақтау қаласындағы «Дарын» РҒПО-да өтті.

Форум мақсаты: балаларды қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін зерттеуге жұмылдыру үшін жағдай жасау, баламалы энергия көздерін қолдану идеяларын әйгілі ету, тұлғаның шығармашылық дамуы, оқушылардың кәсіби жолдарын таңдауы, оларды қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бос уақыттарын мағыналы іске пайдалану.

Форум қатысушылары – жергілікті жас өлкетанушылар, экологтер және натуралисттер форумдарының жеңімпаздары. Форумға Қазақстанның барлық аймақтарынан 16 команда қатысты. Ақмола облысын Атбасар қаласының «№2 ОМ» ҚММ-нен келген «Тұлпар» командасы таныстырды.

Қатысушылардың білімдері мен тәжірибелік қабілеттерін бағалаған әділқазылар құрамына өңірдегі жетекші ЖОО-ның ғалымдары, профессорлары, ғылым кандидаттары мен докторлары кірді. Форум бағдарламасы бойынша қатысушылар «Шығындардан – табысқа» шығармашылық жұмыстарының көрмесін көрсетті, энергияны сақтау мәселелеріне, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға бағытталған әлеуметтік маңыздылығы бар зерттеу жобаларын, көгалдандыру және көркейту бойынша істеген жұмыстарын көрсететін бейнероликтерін қорғады.

Оған қоса «Мерейтойың құтты болсын, Астана» атты фитодизайнерлер байқауы және «Табиғаттың құтқару шеңбері» экологиялық квесті өтті.

Байқаулардың екінші күні «Достық аллеясы» науқанымен аяқталды. Балалар жас ағаштардың көшеттерін отырғызды.

Форум қатысушылары байқаудың әр номинациясы бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Біздің командамыздың қатысушысы Юлия Минец «Шығындардан – табысқа» номинациясында 2 орын алды.

Республикалық форум мемлекеттік басқару органдары, азаматтық сектор, ұстаздар мен оқушылар арасында экология, табиғи қорларды сақтау, табиғи және жасанды экожүйелерді қорғау және сақтау, өскелең ұрпаққа патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті, өздерінің шағын Отанын сүюді тәрбиелеу сияқты өлкетану мәселелерін шешудегі тәжірибелерімен алмасуға жағдай жасайтын ең ірі коммуникативтік және білікті алаңына айналды.

Автор: Г.Ташмағанбетова
Просмотров: 134
Дата создания: 4 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 4 Октября 2018 г.