Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы туралы ақпарат

Ақмола облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 23 мамырында Бұланды ауданы, Макинск қ. мектеп-лицейінің базасында ауданның 84 мұғалімінің қатысуымен Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Үйлестіруші кеңесінің отырысында Бұланды ауданы әкімінің орынбасары қатысты:Бұланды ауданында «Нұр Отан» партиясының филиал төрағасының бірінші орынбасары; Аудандық/қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, тірек балабақшаларының меңгерушілері,ПМПК, КППК,ОМКМИ директорлары,тірек мектептерінің директорлары;сондай-ақ Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Мақсаты:мүгедектігі бар балалардың толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім беру ұйымдарында адаптивті және түзету дамушы ортаны құрудың мәселелерімен перспективаларын анықтау.

Алғы сөзді сөйлеген және отырысты жүргізген Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты М.У.Ибраев.

Кеңестің практикалық бөліміндебастауыш сынып мұғалімдері: Н.Ю.Мельник, С.В.Григорьева, Н.Н.Вольская, З.А.Баймағамбетова, Г.Р.Байтова, Е.В.Кузнецова және логопед Л.П.Сапаева2-3 сыныптарында орыс тілі, математика, әлем танымы, дене шынықтыру/ырғағы пәндері бойынша сабақтар мен кешенді түзету жаттығуларын өткізді

Отырыс қатысушылар Ақмола облысындағы инклюзивті білім берудің жағдайымен танысты.

Ибраев М.У. төмендегі сұрақтарды атап өтті:

- қосымша білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді енгізу

- кедергісіз физикалық қолжетімділікті құру

- Инклюзивтік білім берудегі мұғалімдердің кәсіби дамубіліктілігін арттыру

- инклюзивті енгізу процесінде оқу-әдістемелік тәжирбиені қамтамасыз ету

- инклюзивті білім беруді ақпараттық қолдау

- білім беру ұйымдарында инклюзивтік білім беру жағдайын айқындау үшін медиа-жоспардың болуы

- енгізу мониторингіне сәйкес білім беруді ұйымдастыруда инклюзивті тәжірибені енгізуді бақылау.

- жалпы білім беретін мектеп жағдайында арнайы білім қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуды ұйымдастыру;

- арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау;

- мектепте психологиялық-педагогикалық кеңес беру жұмысы.

Есеп берушілерді тыңдай отырып білім беру ұйымдарында адаптивті және түзетуші ортаны құрудың негізгі бағыттарын, мәселелерін және перспективалары талқыланып сонымен қатар қатысушылар пікір алмасты және бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Автор: Ж.Турсунбекова
Просмотров: 277
Дата создания: 29 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 29 Мая 2018 г.