Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлерінің Әдістемелік кеңесі

2018 жылғы 21 қыркүйегінде Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызының қатысуымен «Білім мекемелерінің білім беру ортасы басқару кадрларының, әдіскерлердің және педагогтардың жеке - кәсіби өсуінің шарты» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесі болып өтті.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

- білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектеп: жағдайы, мәселелері және болашағы;

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде 2018-2019 оқу жылы білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы (нұсқаулық – әдістемелік хат), үлгілік оқу жоспарларының мазмұны;

- білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы;

- білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысының мәселелері мен болашағы;

- облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу әдістемелік орталығы және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы жұмысының негізгі бағыттары;

- облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары;

- конкурстарды өткізу, облыс мектептері рейтингінің ерекшеліктері туралы.

Кеңес жұмысына мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры және директордың орынбасары, бөлім басшылары, әдіскерлер, облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу әдістемелік орталығының директоры, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы директорының орынбасары, аудандық және қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері, колледж әдіскерлері қатысты.

Жұмыс қорытындысы бойынша облыстың білім беру жүйесінің әдістемелік қызметінің басым бағыттарын айқындайтын ұсыныстар әзірленді.

2017-2018 оқу жылғы жұмыс нәтижесі бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Автор: С.Кожахметова
Просмотров: 150
Дата создания: 21 Сентября 2018 г.
Дата редактирования: 21 Сентября 2018 г.