Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша ХІ Президенттік олимпиада

2018 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында Степногорск қ. №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша ХІ Президенттік олимпиаданың аймақтық (бірінші) кезеңі өтті.

Негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен машықтарын тереңдету.

Облыс 16 аудандарынан, 4 мамандандырылған мектептерінен, Көкшетау және Степногорск қалаларынан барлығы 82 оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интерактивті студия желісі арқылы 2018 жылғы 17 қазанда барлық аймақтарда бір мезгілде олимпиаданың 2-і іріктеу кезеңі өткізіледі. 2 турдан (қашықтықтан және шығармашылық (эссе жазу) тұратын іріктеу кезеңіне өңірлік кезеңнің 4 пәннен жинаған ұпайларын қосу арқылы анықталған 20 жеңімпаз қатысады.

Барлық төрт пәндер бойынша – математика, химия, биология және физика ұпайлар қорытындысы бойынша:

І-дәрежелі дипломмен – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы – Женатов Ержан марапатталды.

ІІ – дәрежелі дипломмен – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының 11 сынып оқушы – Овчинников Никита және Степногорск қаласы, А.Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Кусаинова Томирис марапатталды.

ІІІ - дәрежелі дипломмен – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының 11 сынып оқушысы – Хайрым Айзада, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11сынып оқушысы – Каиргельдинов Ахат және Кудрявцева Дарья - Бұланды ауданы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша грамоталармен марапатталды:

1. Батырбаева Милана - Көкшетау қаласы, № 13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

2. Сакишев Темирлан -Астана қаласы, №2 дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

3. Жакенова Алина-Көкшетау қаласы, IT мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

4. Темирханов Ержан - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

5. Кравцов Максим - Көкшетау қаласы, Гуманитарлық-техникалық лицейінің 11 сынып оқушысы;

6. Тасымова Алуа - Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

7. Шубина Валерия - Бурабай ауданы, Щучье қаласы №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

8. Абишев Чингиз - Степногорск қаласы, А.Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы;

9. Әбдрайым Әбдіәзім - Көкшетау қаласы, №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

10. Оразбай Мендихан - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

11. Камарадинов Жақсылық -Астрахан ауданы, Астрахан № 1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

12. ГалкинаАнна - Көкшетау қаласы, гуманитарлық-техникалық лицей11 сынып оқушысы;

13. Ташенов Ильяс - Ақкөл ауданы, Ақкөл №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

14. Қоныспай Айдос - Бурабай ауданы,Щучье қаласы, №7 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Президенттік олимпиаданың облыстық (І) кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!

Автор: Р.Баганалинова
Просмотров: 149
Дата создания: 4 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 4 Октября 2018 г.