Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Жас зерттеуші-өлкетанушылар фестивалі

Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығы 2018 жылдың 27-28 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағытындағы «Тарих мұрасы» және «Жас өлкетанушылардың шағын академиясы» жобаларын іске асыру барысында Ақмола облысының жас зерттеуші-өлкетанушылар фестивалін өткізді. Фестиваль барысында «Туған өлкенің туристтік-өлкетанушылық мүмкіндіктері» және «Қазақстан – менің болашағым» облыстық жобалар байқаулары, жас экскурсия жүргізушілері байқауы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: жастар арасында Ақмола облысының туристтік қорын жарнамалау, оқушыларды туған өлкені зерттеуге қызықтыру, оларға өлкетанушылық жобаларды іске асыру бойынша білім мен қабілеттерді беру, оқушылардың шағын Отандарын жетілдіруге деген белсенді ұстанымдарын қалымптастыру, облыстағы білім беру мекемелерінде өлкетанушылық жұмысты ұйымдастыру деңгейін арттыру.

Байқауларға Бурабай, Жақсы, Зеренді, Бұланды, Целиноград, Сандықтау, Астрахан, Атбасар, Шортанды, Ақкөл аудандарынан, Степногорск және Көкшетау қалаларынан 97 қатысушы қатысты.

Фестиваль ашылуы Бурабай ауданы Қатаркөл аулындағы «Звездный» БСО-да өтті. Фестивальдік ашылу салтанатын Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Досов атындағы ОМ оқушылары өкізді. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығының директоры Арман Ғалымтайұлы Умурзаков және іс-шарамыздың қонағы, Бурабай ауылының С. Сейфуллин ат. ОМ директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Жұмабике Дәуленқызы Нурумова фестиваль делегаттарына, байқаулардың қатысушыларына құттықтау сөздерін айтты.

Байқаулар фестивальдің ашылу салтанатынан кейін бірден басталып кетті. Бірінші күні қатысушылар «Туған өлкенің туристтік-өлкетанушылық мүмкіндіктері» жобалар байқауында «Туған өлке бойынша экскурсиялық бағыттарды әзірлеу», «Туған өлке тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері», «Туған өлке бойынша жолнұсқаулық» номинациялары бойынша жарысты. Қатысушыларымыздың жұмыстарын әділ бағалау үшін облысымыздың колледж мұғалімдерін, және ұзақ жылдар бо йы тарих және өлкетанумен айналысып жүрген Жұмабике Дәуленқызын шақырдық.

«Туған өлке бойынша экскурсиялық бағыттарды әзірлеу» номинациясында қатысқан Зеренді ауданының Байтерек а. ОМ оқушысы Сержанат Әсел туған ауылы Байтеректің макетін жасады. Әсел өзінің әзірлеген бағыты бойынша жүріп отырып, бізге туған ауылының құрылу тарихын, оның көрнекі жерлерінің тарихын, ауылының не себепті Байтерек аталатынын айтып берді. Ауылдан 2 км қашықтықта Тыржан қажы бұлағы ағады екен, Тыржан қажының бірінші әйелі Ш. Уәлихановтың інісінің қызы болыпты, кейін ауыл да Тыржан қажы атымен аталған екен. Бұл номинацияда әділқазылар Әселдің ең үздік деп бағалады.

«Туған өлкенің тарих және мәдениет ескеткіштері» номинациясында әр қатысушы туған ауылдарының тарихын және ондағы мәдениет ескерткішері жайлы баяндады, қызықты жұмыстар көп болды, біреулер белгілі ескертіштер туралы айтса, Жақсы ауданынан келген кішкентай қатысушымыз Нұрғамиден Әлішер өзінің аулындағы Кенесары Қасымұлының асыранды ұлы Баубек батырға арналған кесене жайында айтып берді. «Егер осы мұражайға келсеңдер, өзім-ақ гид болып, осы ескерткіш туралы бәрін айтып көрсетемін» - дейді Әлішер. Ол осын номинацияның үздігі аталды.

Ал «Оқиғалық іс-шаралар - туристтердің назарын аудару құралы» номинациясында бір-ақ үміткеріміз болды. Ол Целиноград ауданынан келген Жанапия Абдулла.

«Туған өлке бойынша нұсқаулық» номинациясында Атбасар ауданынан келген Тасболатова Аруна мен Букенесова Гүлнұр қызықты материал дайындапты. Олар Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының құрылу тарихын баяндады, туған өлкелері бойынша жақсы жолнұсқаулық әзірлепті. Осы номинацияда екінші орынды Щучинск қ. жоғарғы колледжінің оқушылары Вячеслав Головин мен Мозозолин Вадим алды.

Осылайша фестиваліміздің бірінші күні аяқталды. Байқаулардан шаршаған балалар кешкі астарын ішіп, дискотекаға кетті. Балалар дем алып, көңілдерін көтергенше, жетекшілері туризм және өлкетану сұрақтары бойынша семинар-кеңеске қатысты. Өлкетануда үлкен тәжірибесі бар Раиса Кабдуалетқызы Кирибаева және Щучинск қ. жоғарғы колледжінің мұғалімі Бахтияр Айтбайұлы Қасенов өз тәжірибелерімен бөлісті. Раиса Кабдуалетқызы қосымша білім беру мұғалімі ретінде қазіргі кезде қандай жұмыс формаларын қолданатынын айтты. Ал Бахтияр Айбайұлы әріптестеріне колледждарға арналған өлкетану бойынша баңдарламасы мен өзінің әзірлемелерін ұсынды.

Байқауларымызды келесі күні таңертеңнен бастап жалғастырдық. Бұл күн Сандықтау ауданының балалары жасаған туған өлкелері жайындағы бейнероликтен басталды. «Қазақстан – менің болашағым» жобалар байқауы педагогикалық жобадан басталды. Бұл жобаның қатысушылары – Степногорск және Щучинск қалаларының мұғалімдері. Бірінші орынға Оғадиев Рамазан Сәкенұлы, ал екінші орынға Щучинск қ. мұғалімі М.В. Гончаренко ие болды.

Оқушылардың жеке жобаларында әр түрлі жұмыстар болды. Балалар туған өлкелерінің табиғатын мақтап қана қойған жоқ, өз отбасыларының, бабаларының тарихын айтып, оны мемлекет тарихымен байланыстырды, өз ауылдарында туризмнің дамуын армандады. Тіпті ауылды қалай қайта құруға болатынын көрсетті. Мухамбаева Жүзім, Астрахан ауданының балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі, жобасын «Менің шежірем» тақырыбында әзірледі. Оның жұмысы барлығына үнап, әділқазылар оған бірінші орын берді. Бес топтық жоба болды. Қызықты жұмыстар көп болғанымен, Чаглинка а. Агротехникалық колледжі ешкімге бой бермеді. Олар біздің байқауларымызға бірінші рет қатысып отырған жоқ, және осы жолы олар ешбір даусыз жеңді. Жас экскурсия жүргізушілерінің байқауы да қызықты өтті. Жас экскурсия жүргізушілері мұражайлар бойынша, туған өлкелерінің көрнекі жерлері бойынша қызықты экскурсияларды өткізді. Әдеттегідей атбасарлықтар осы байқауда бірінші орын алып жоғарыда болды. Олар Савченко Наталья мен Мустафин Рүстем.

Фестиваль аяқталып, жеңімпаздар дипломдар мен құнды сыйлықтарға ие болды, ал қалған қатысушыларға сертификаттар, қатысушыларды дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар берілді.

Автор: Р. Қожанова
Просмотров: 134
Дата создания: 4 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 4 Октября 2018 г.