Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» облыстық конкурсының жүлдегерлері

2018 жылғы 3 қазан күні облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің қатысуымен өткен мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Аталған іс-шарада 2018 жылғы 24-25 қыркүйек аралығында өткізілген жалпы орта білім беру мекемелерінде қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарға сабақ беретін «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» облыстық конкурсының жүлдегерлерін Ақмола облысы әкімдігінің дипломымен және бас жүлде – 600 мың, I орын – 400 мың, II орын – 200 мың, III орын – 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды.

Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарымен марапатталған педагогтар:

Бас жүлде иегері Сураганов Дамир Чоканович - Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

I дәрежелі диплом иегері Алшинбаева Жанаргуль Зиядовна - Жақсы ауданы, Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

II дәрежелі диплом иегері Зәмзебай Кенже Серікбекқызы - Целиноград ауданы, № 2 Қосшы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

III дәрежелі диплом иегері Кобжасарова Бибигуль Кенжеғалиқызы - Көкшетау қаласы, № 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Автор: И. Калимжанова
Просмотров: 166
Дата создания: 4 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 4 Октября 2018 г.