Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумының БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ

«Мамандықтар әлемі» жобасының барысында оқушыларға мектепте мамандықты тануға мүмкіндік пайда болды! 2017 жылдан бастап «Мамандықтар әлемі» жобасы жұмысын бастады. Осы жобаның аясында оқушылар болашақ кәсіптік білім беру бағыттарын таңдай алады. Қорытындысы бойынша әрбір мектепте жоғары, техникалық және кәсіптік оқыту бағыттары бойынша жоғары сынып оқушыларын оқытуға арналған мамандықтардың кеңейтілген тізбесі қалыптастырылады.

Үлкен іс-шара 28 қараша күні «Достар» мәдениет сарайында өтті. Осы күні 300 оқушы мен студент, Ақмола облысының білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіптік бағдар беру жұмыстарының үйлестірушілері, сондай - ақ өңірдің ірі бизнес-құрылымдарының басшылары бірге жиналады. Бұл форум – облыс мектептерінің оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарының қорытындысын шығарды.

Бүгінгі таңда оқушылардың кәсіби бағдарына көп көңіл бөлінуде. Осы жұмыс бағыты білім басқармасының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.Осындай шаралардың барысында біз ең бастысы — оқушылардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын оятамыз.Оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша дұрыс құрылған жұмыс Ақмола облысының өнеркәсіп және қайта өңдеу кәсіпорындарын жас кадрлармен толықтырып қана қоймай, сонымен қатар бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, оқу орнын бітіргеннен кейін алған кәсіптен бас тарту жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді.

«Мамандықтар әлемі» жобасын жүзеге асыру аясында кәсіби бағдар беру кабинеттері құрылған атап өткен жөн. Әр оқу орнында кәсіптік бағдар бұрыштары бар. Ақмола облысында «Мамандықтар автобусы» жобасы өз жұмысын бастады. Осы жоба аудан орталығынан алыс орналасқан мектеп оқушыларын кәсіптік бағдармен қамтуды көздейді. «Манадықтар әлемі» жобасы білім басқармасы органдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және бизнес ортаның тиімді өзара іс-қимылының жарқын үлгісіне айналды.

Форумдағы жалпы білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші» номинация бойынша Жакубаева Нағима Маратқызы, Атбасар ауданы білім бөлімінің «№2 орта мектебі» анықталды. Одан басқа тағы:

- Техникалық және кәсіптік білім беру және жалпы білім беру ұйымдарының үйлестірушілері арасында «Үздік сценарий»;

- Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Үздік өлең»;

- колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында қазақ, орыс тілдерінде «Үздік эссе» номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды.

Автор: И. Калимжанова
Просмотров: 96
Дата создания: 29 Ноября 2018 г.
Дата редактирования: 29 Ноября 2018 г.