Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» облыстық конкурсын өткізу туралы ақпарат

2018 жылғы 23 мамыр күні Көкшетау қаласы, №1 Құрылыс-техникалық колледжінің базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» облыстық конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты: отбасылық қарым-қатынас клубының жұмысын ұйымдастыру және көрсету, отбасылық демалыстың жаңа нысандарын дамыту және тарату, отбасын шығармашылық дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау,отбасының бірігуіне және отбасыішілік қарым-қатынасты шығармашылық ынтымақтастық арқылы үйлестіруге ықпал ету.

Конкурс 3 кезеңде өтті:

1. «Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» клубының презентациясы.

Барлық қатысушылар өз клубын және жұмыс ерекшеліктерін ұсынды. Оқушылар өздерінің шығармашылығын, шеберлігін көрсетті.

2. Шеберлік сағат.

Мақсаты: білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған жұмысты өткізу. Шеберлік сағатының сапасы инновациялық әдістерді, технологияларды, педагогикалық техниканы және педагогикалық шеберлікті қолдану, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасау бойынша бағаланды.

3. Шығармашылық зертхана - көрме (клубтың қызметі, әдістемелік әзірлемелер, фото-бейне-материалдарды, шығармашылық жұмыстарды және т.б. көрсету).

Конкурс қорытындысында жүлделі орындарға ие болғандар:

І орын – Исмаилова Адеми Хамитбековна, Жақсы ауданы №1 орта мектебінің «Отбасы – аялы алақан» клубының жетекшісі;

ІІ орын – Говоркова Наталья Александровна, Бұланды ауданы Макинск қаласы №3 орта мектебінің «Дружная семья» клубының жетекшісі;

ІІ орын – Кошкинова Махаббат Ерікқызы, Зеренді ауданы Абай орта мектебінің «Нұрлы шаңырақ» клубының жетекшісі;

ІIІ орын – Кравцунова Елена Викторовна, Атбасар ауданы №4 орта мектебінің « Шоқ жұлдыздар» клубының жетекшісі;

ІІІ орын – Садвакасова Зауреш Солтанқызы, Көкшетау қаласы №21 орта мектеп-лицейінің «Оқу оқырмандар» клубының жетекшісі;

ІІІ орын – Кисилева Галина Васильевна, Степногорск қаласы «Балауса» балабақшасы «Я плюс семья» клубының жетекшісі.

Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен конкурсқа белсенді қатысқаны үшін Бурабай ауданы Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназясының «Отбасым –ыстық ұям» клубының жетекшісі Ошақбаева Несібелі Ошанбайқызы және Целиноград ауданы «Жас шабыт» балалар шығармашылық орталығының «Гармония» клубының жетекшісі Абилжанова Эльмира Кабдуллаевна марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 190
Дата создания: 23 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 23 Мая 2018 г.