Вверх
Государственное учреждение "Управление образования Акмолинской области"
Акмолинская областная образовательная сеть
Список статей
«Әдістемелік жұмыс педагогтардың үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны ретінде» дөңгелек үстелі

«Инновациялық қызмет арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбы бойынша аймақтық семинар-тренингті өткізу аясында 2018 жылғы 8 қараша күні Т.Шаханов атындағы №3 орта мектептің базасында әдістемелік кабинеттер қызметкерлеріне арналған «Әдістемелік жұмыс педагогтардың үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жұмыс барысында Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ әдіскері Сәуле Сағитқызы Алиева дөңгелек үстелге қатысушыларды білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерді даярлаудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлімен таныстырды, сондай – ақ келесі мәселелер қаралды: «Әдістемелік жұмыс - педагогтардың үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны ретінде» (Ерейментау ауданының әдістемелік кабинетінің жұмыс тәжірибесінен), «Үштілділік - заманауи білім беру басымдықтарының бірі» (Степногорск қаласының әдістемелік кабинетінің жұмыс тәжірибесінен).

Практикалық бөлімде облыс педагогтары келесі тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибе алмасты: «Биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі» (Забиякина Оксана Сергеевна, Ерейментау № 2 ОМЛ химия – биология пәнінің мұғалімі); «Оқытудағы белсенді әдістерді қолдану» (Молхы Акмарал, Еркіншілік ОМ математика пәнінің мұғалімі); «ЖМБ пәндерін оқыту практикасына ағылшын тілін енгізу элементтері» (Филатова Анастасия Вячеславовна, Степногорск қ. информатика пәннің мұғалімі), «Жоғары сыныптарда биологияны оқыту мен оқуда лингвистикалық компонентті жүзеге асыру» (Щербина Вероника Александровна, Степногорск қ. білім бөлімінің ментор- әдіскері), «Жаңартылған білім беру мазмұны контексінде химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдістері мен тәсілдері» (Исаева Светлана Александровна, Целиноград ауданы Ақмол ауылы №5 ОМ химия пәнінің мұғалімі).

Барлық сұрақтар бойынша егжей-тегжейлі талдау жасалып, кең пікірталас жүргізілді.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Science Club құру және сынып бөлмесінен тыс («сыныпта оқытудан» – «өмірде оқытудан») ұйымдастырылған тілдік белсенділіктің басқа да түрлері арқылы ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдермен ұйымдастырылатын оқудан тыс белсенділіктің түрлерін кеңейту бойынша ұсыныстар қабылданды.

Автор: С. Алиева
Просмотров: 85
Дата создания: 12 Ноября 2018 г.
Дата редактирования: 12 Ноября 2018 г.